
Латыпов Ерлан Мұратұлы
руководитель
Өмірбаян
Латыпов Ерлан Мұратұлы 1984 жылы 14 тамызда Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласында туған.
Білімі жоғары, 2007 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
2007 жылғы қазаннан 2008 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында борышын өтеді.
Еңбек жолы:
2009 жылғы маусымнан желтоқсанға дейін «ФК Асбест» ЖШС құтқарушысы болып жұмыс істеді.
2009 жылғы қарашадан 2012 жылғы мамырға дейін «Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ заңгер-кеңесшісі.
2012 жылғы тамыздан 2013 жылғы ақпанға дейін «Жітіқара ауданының қорғаныс істері бөлімі» ММ жұмылдыру ресурстарын есепке алу және тағайындау тобы бастығының аға көмекшісі.
2013 жылғы наурыздан қазанға дейін «УК-161/3 мекемесі» РММ заңгер-кеңесшісі.
2013жылдан бастапмемлекеттік қызметте:
2013 жылғы қазаннан 2020 жылғы қыркүйекке дейін «Жітіқара ауданының Пригородный ауылы әкімінің аппараты» ММ жетекші маманының міндетін атқарушы, жетекші маманы.
2020 жылғы қазаннан 2026 жылғы ақпанға дейін «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің құқық мәселелері жөніндегі бас маманы.
2026 жылғы 25 ақпаннан бастап Жітіқара ауданы әкімінің өкімімен «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бөлімі басшысының лауазымына тағайындалды.





