
АЯЗБАЕВ АБЫЛАЙХАН ЕРБОЛАТҰЛЫ
"Мемлекеттік-құқықтық бөлімі" ММ басшысы
Өмірбаян
А.Е. Аязбаев 1993 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Ақтөбе политехникалық колледжін автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін менеджмент мамандығы бойынша, Қазақ-Орыс Халықаралық университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.
«КАЗ-ТАС-БАТ» ЖШС менеджері, «Евразия Полис» ЖШС сату жөніндегі директоры, «Евразия оперейтинг компани» ЖШС директоры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының статисті, «Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ бас маманы, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақтөбе облысы әкімі орынбасарының бас маманы, «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бас маманы, Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімі аппаратының басшысы, «Самғау МО» ЖШС директорының орынбасары, «Ақтөбе» ӘКК» АҚ басшысы, «Самғау МО» ЖШС директорының орынбасары, «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
2026 жылғы 26 қаңтардан бастап Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы болып тағайындалды.





