
Жантурин Бауыржан Қуанышжанұлы
«Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
Жантурин Бауыржан Қуанышжанұлы 1973 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2000 жылы Алматы теміржол инженерлері институтын «Темір жол құрылысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1992 жылы Батыс Қазақстан темір жолының Ақтөбе станциясындағы вагон депосында ағаш ұстасы болып бастаған.2003 жылы «Ақтөбе-Геодезия» коммуналдық қазыналық кәсіпорнында жетекші маман болып тағайындалған.2015 жылы «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бас маман қызметін атқарған.2019 жылы «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ секторының меңгерушісі болып тағайындалған.2020 жылы «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалған.2024 жылы «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы болып қызмет атқарған.2026 жылғы 15 маусымнан бастап «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы лауазымына тағайындалды.





