
Жарасбаев Аслан Байқазақұлы
«Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы
Өмірбаян
А.Б.ЖАРАСБАЕВ 1989 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы экономика және статистика академиясын экономика мамандығы бойынша аяқтаған.
«Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ әдіскер-есепші, «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ бас есепші, «Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, «Ақтөбе қаласының Благодар ауылдық округі әкімі аппараты» ММ бас маманы, «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ бас маманы, «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысының орынбасары, «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары, «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ бас маманы болып қызмет атқарды.
2020 жылғы шілдеден бастап «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып жұмыс атқаруда. 2021 жылы наурыздан бастап басшының орынбасарына «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысының міндеті жүктелді.





