Мекетаев Ерлан Серікжанұлы

    Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары

    Мекетаев Ерлан Серікжанұлы
    Заместитель руководителя отдела

    Мекетаев Ерлан Серікжанұлы

    Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    1988 жылғы 30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Семей геодезия және картография колледжін «Қолданбалы геодезия» мамандығы бойынша, 2015 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «Геодезия және картография» мамандығы бойынша, 2020 жылы Қазақстан инновациялық академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.

    Еңбек жолын 2009 жылы «Қарағанды жер ҒӨО» ЕМК Абай аудандық жер-кадастрлық филиалының техник-геодезисі болып бастаған. 2010–2015 жылдары жер кадастры саласындағы түрлі ұйымдарда жұмыс істеді.

    2015 жылдан 2025 жылға дейін «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ сәулет және қала құрылысы секторының бас маманы, мемлекеттік қызмет көрсету секторының бас маманы, жерге орналастыру құжаттамасы секторының меңгерушісі лауазымдарын атқарды.

    2025 жылы «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ автомобиль жолдарын дамыту және күтіп ұстау бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.

    2026 жылғы қаңтардан бастап «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының орынбасары лауазымын атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері