Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы
Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Абай облысының аумағында сәулет, қала құрылысы қызметі және жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Басқарма облыс аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ, адамның мекендейтін және тіршілік ететін толыққанды ортасын қалыптастыру, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды орнықты дамыту; жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ облыстың жер ресурстарының ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету міндеттерін орындайды.
Жаңалықтар
«Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 13-17 шілде аралығында онлайн/оффлайн форматында басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың өткізілетінін хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру
Құжаттар
«Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бағыттары бойынша 2025 жылдың 1-24 шілдесі аралығында жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы
Талдамалық анықтама «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бағыттары бойынша 2026 жылғы 1 шілде мен 24 шілде аралығында жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы 20.07.2026 ж. «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) 2026 жылғы 1 шілдедегі №18-н/қ бұйрығына сәйкес, Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды айқындау және оларды төмендету (жою) мақсатында 2025 жылғы 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығы (бұдан әрі – 2025 жылдың екінші жартыжылдығы) және 2026 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығы (бұдан әрі – 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы) кезеңіне ішкі талдау келесі жұмыс тобының құрамымен жүргізілді: Талдау жүргізуге жауапты тұлғалар: Басқарма басшысының орынбасары Б. Мұханов; Басқарма басшысының орынбасары Е. Мекетаев. Жұмыс тобының мүшелері: Құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д. Жаныбекова; Құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы М. Хромова; Жер есебі, жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімінің бас маманы Д. Идрисова; Сәулет, қала құрылысы және цифрландыру бөлімінің бас маманы А. Алдабергенова. Аталған рәсім Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді. Басқарма Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және облыс аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін дамыту, халықтың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру, елді мекендер мен елді мекендерден тыс аумақтардың орнықты дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жер қатынастарын реттеу және облыстың жер ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Абай облысы әкімдігінің қаулыларына, Абай облысы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Басқарма туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады. Қызмет бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау 1. Талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Басқарма өз құзыреті шегінде Абай облысы әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлейді, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ Басқарманың нормативтік емес құқықтық актілерін қабылдайды. Талдау барысында 2025 жылдың екінші жартыжылдығында және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Басқарма тарапынан нормативтік құқықтық актілердің жобалары әзірленбегені анықталды. Өзге құқықтық құжаттарды әзірлеу, келісу, сараптау және тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының талаптары толық көлемде сақталған. Осы бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Талдау кезеңінде бұйрық түрінде 203 нормативтік емес құқықтық акт қабылданды: 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында – 108 бұйрық (оның ішінде негізгі қызмет бойынша – 29, жеке құрам бойынша – 79); 2026 жылдың І жартыжылдығында – 95 бұйрық (оның ішінде негізгі қызмет бойынша – 17, жеке құрам бойынша – 78). Жүргізілген талдау нәтижесінде қабылданған актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Басқарма қызметінде Қазақстан Республикасының Жер кодексі, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексі, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Бюджет кодексі, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету, құрылыс салуды ұйымдастыру және қала құрылысы сараптамасын жүргізу саласындағы салалық қағидалар қолданылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әсер ететін факторлардың болмауына байланысты нормативтік құқықтық базада тәуекелдер анықталған жоқ. 2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Персоналды басқару: Басқарманың штат саны – 19 мемлекеттік қызметші және еңбек шарттары бойынша жұмыс істейтін 5 штаттан тыс қызметкер. Нақтысында 16 мемлекеттік қызметші және 3 штаттан тыс қызметкер жұмыс істейді. 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында конкурс нәтижесінде 3 мемлекеттік қызметші тағайындалды, сондай-ақ 2 қызметкер өз еркімен жұмыстан шығып, мемлекеттік қызметті тоқтатты. 2026 жылдың І жартыжылдығында Басқармадан 2 қызметкер басқа мемлекеттік органдарға ауысуына байланысты жұмыстан шықты. Көрсетілген кезеңде теріс себептер бойынша жұмыстан босату фактілері тіркелген жоқ. 2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша кадрлардың таза ауысу көрсеткіші нөлге тең, өйткені ауысулар тек мемлекеттік жүйе ішіндегі орын ауыстыруларға байланысты болды. Мүдделер қақтығысы анықталған жоқ. Тағайындаулар «Е-қызмет» жүйесі арқылы конкурстық негізде жүзеге асырылады. 2026 жылдың І жартыжылдығында конкурс нәтижесінде 3 мемлекеттік қызметші қабылданды. Барлық рәсімдер біліктілік талаптарына сәйкес жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау жөніндегі міндеттемелер қабылданып, декларациялар уақтылы тапсырылды. Лауазымдық нұсқаулықтар мен ережелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 2) Мүдделер қақтығысын реттеу. Бір сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Атап айтқанда, Басқармада мүдделер қақтығысын реттеу туралы ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттың – «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысын реттеу туралы ереженің бекітілмегені анықталды. Аталған құжаттың болмауы Басқарма өкілеттіктерін іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына нормативтік және ұйымдастырушылық алғышарттар қалыптастырады. 3) Мемлекеттік қызметтер көрсету: Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Басқарма 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді: 1. Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту; 2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру; 3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды беру; 4. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру; 5. Бүлінген жерлерді рекультивациялау жобаларын келісу және беру; 6. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту; 7. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы түпкілікті шешім беру; 8. Жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін айқындау. «Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне сауда-саттық өткізуді талап етпейтін құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсету процесін талдау барысында нормативтік мерзімдер мен келісу регламентінің сәйкес келмеуіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды: Ережелердің 7-тармағына (ҚР АШМ № 301 бұйрығы) сәйкес, қызмет көрсетудің екінші кезеңіне бар-жоғы 3 жұмыс күні бөлінген. Бұл ҚР Жер кодексінің 120-бабына сәйкес орталық мемлекеттік органдармен (Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК және т.б.) міндетті түрде жүргізілетін келісуді орындауға объективті түрде мүмкіндік бермейді, өйткені бұл рәсім «Е-лицензиялау» МДҚ жүйесінде регламенттелмеген және айтарлықтай көп уақытты талап етеді. Бұл жағдай өтініш берушілермен процестен тыс өзара іс-қимыл жасау үшін жағдай туғызады, бұл регламентте белгіленген қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылу тәуекелін арттырады. 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында 162 мемлекеттік қызмет, 2026 жылдың І жартыжылдығында 217 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты 23 мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды, 34 өтінішті өтініш берушілер өздері кері қайтарып алды. 4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру: Рұқсат беру функциялары мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 5) Бақылау-тексеру функциялары: Бақылау заңнамамен белгіленген құзырет шегінде жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 6) Бюджет және қаржы: Қаржылық процестер ашық әрі жария түрде жүргізіледі, ақпарат «Ашық бюджеттер» жүйесінде орналастырылады. Басқарманы қаржыландыру оның негізгі функциялары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған бекітілген бюджеттік бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады. Басқарма мемлекеттік меншіктегі ғимаратта орналасқан. Ведомстволық бағынысты «Облыстық сәулет бюросы» КММ жалға алынған ғимаратта орналасқан. Жалға алу шығындары бекітілген бюджеттік бағдарламалар шеңберінде жүргізіліп, тұрақты бақылауда болады. Талдау кезеңінде бюджеттік қаражатты бөлу және пайдалану кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ. «Облыстық сәулет бюросы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыс әкімдігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі №72 қаулысымен құрылған. Нақты штат саны – 25 бірліктің 21 қызметкері. 7) Мемлекеттік сатып алу: Мемлекеттік сатып алу рәсімдері тек мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып жүзеге асырылады. 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында Басқарма 18 шарт, 2026 жылдың І жартыжылдығында 14 шарт жасасты. «Облыстық сәулет бюросы» КММ 2026 жылдың І жартыжылдығында 33 шарт жасасты. Барлық рәсімдер толық автоматтандырылған, жеткізушілермен тікелей байланысқа жол берілмейді. Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жоқ. 8) Ақпараттық жүйелер: Басқарма тек ресми рұқсат етілген мемлекеттік ақпараттық платформаларды пайдаланады. Меншікті ақпараттық жүйелер әзірленбейді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 9) Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтің өзге мәселелері: Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері анықталған жоқ. Қызметтік әдеп талаптарының сақталуы толық қамтамасыз етілген. Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қорытынды Жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде бір сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды – «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысын реттеу туралы ереженің бекітілмеуі. Ұсыным: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және алдын алу тетіктерін қалыптастыру мақсатында 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысын реттеу туралы ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік құжатты (Ережені) әзірлеп, бекіту. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына (№301 бұйрық) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 120-бабына сәйкес ведомствоаралық келісу кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұруды көздейтін өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ осы өзара іс-қимылды автоматтандыру мақсатында «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасын жетілдіру жөнінде ресми ұсыныс жолдау ұсынылады. Бұл қызметкерлердің өтінімдерді қолмен сүйемелдеу қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді. Басқарма басшысы ___________ А.Бейсенов Басқарма басшысының орынбасары ___________ Б. Муханов Басқарма басшысының орынбасары ___________ Е. Мекетаев Құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы ___________Д. Жаныбекова Құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы ___________М. Хромова Жер есебі, жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімінің бас маманы ___________Д. Идрисова Сәулет, қала құрылысы және цифрландыру бөлімінің бас маманы ___________ А. Алдабергенова
«Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бағыттары бойынша 2026 жылғы 1-24 шілде аралығында жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы талдау анықтамасының жобасы
Талдау анықтамасының жобасы 2026 жылғы 1 шілде мен 24 шілде аралығындағы кезеңде өткізілген «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бағыттары бойынша ішкі талдау нәтижелері туралы 10.07.2026 ж. «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) 2026 жылғы 1 шілдедегі №18-н/қ бұйрығына сәйкес, Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды айқындау және оларды төмендету (жою) мақсатында 2025 жылғы 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығы (бұдан әрі – 2025 жылдың екінші жартыжылдығы) және 2026 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығы (бұдан әрі – 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы) кезеңіне ішкі талдау келесі жұмыс тобының құрамымен жүргізілді: Талдау жүргізуге жауапты тұлғалар: Басқарма басшысының орынбасары Б. Мұханов; Басқарма басшысының орынбасары Е. Мекетаев. Жұмыс тобының мүшелері: Құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д. Жаныбекова; Құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы М. Хромова; Жер есебі, жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімінің бас маманы Д. Идрисова; Сәулет, қала құрылысы және цифрландыру бөлімінің бас маманы А. Алдабергенова. Аталған рәсім Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді. Басқарма Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және облыс аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін дамыту, халықтың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру, елді мекендер мен елді мекендерден тыс аумақтардың орнықты дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жер қатынастарын реттеу және облыстың жер ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Абай облысы әкімдігінің қаулыларына, Абай облысы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Басқарма туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады. Қызмет бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау Талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Басқарма өз құзыреті шегінде Абай облысы әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлейді, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ Басқарманың нормативтік емес құқықтық актілерін қабылдайды. Талдау барысында 2025 жылдың екінші жартыжылдығында және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Басқарма тарапынан нормативтік құқықтық актілердің жобалары әзірленбегені анықталды. Өзге құқықтық құжаттарды әзірлеу, келісу, сараптау және тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының талаптары толық көлемде сақталған. Осы бағыт бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Талдау кезеңінде бұйрық түрінде 203 нормативтік емес құқықтық акт қабылданды: 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында – 108 бұйрық (оның ішінде негізгі қызмет бойынша – 29, жеке құрам бойынша – 79); 2026 жылдың І жартыжылдығында – 95 бұйрық (оның ішінде негізгі қызмет бойынша – 17, жеке құрам бойынша – 78). Жүргізілген талдау нәтижесінде қабылданған актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Басқарма қызметінде Қазақстан Республикасының Жер кодексі, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексі, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Бюджет кодексі, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету, құрылыс салуды ұйымдастыру және қала құрылысы сараптамасын жүргізу саласындағы салалық қағидалар қолданылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әсер ететін факторлардың болмауына байланысты нормативтік құқықтық базада тәуекелдер анықталған жоқ. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Персоналды басқару:Басқарманың штат саны – 19 мемлекеттік қызметші және еңбек шарттары бойынша жұмыс істейтін 5 штаттан тыс қызметкер. Нақтысында 16 мемлекеттік қызметші және 3 штаттан тыс қызметкер жұмыс істейді. 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында конкурс нәтижесінде 3 мемлекеттік қызметші тағайындалды, сондай-ақ 2 қызметкер өз еркімен жұмыстан шығып, мемлекеттік қызметті тоқтатты. 2026 жылдың І жартыжылдығында Басқармадан 2 қызметкер басқа мемлекеттік органдарға ауысуына байланысты жұмыстан шықты. Көрсетілген кезеңде теріс себептер бойынша жұмыстан босату фактілері тіркелген жоқ. 2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша кадрлардың таза ауысу көрсеткіші нөлге тең, өйткені ауысулар тек мемлекеттік жүйе ішіндегі орын ауыстыруларға байланысты болды. Мүдделер қақтығысы анықталған жоқ. Тағайындаулар «Е-қызмет» жүйесі арқылы конкурстық негізде жүзеге асырылады. 2026 жылдың І жартыжылдығында конкурс нәтижесінде 3 мемлекеттік қызметші қабылданды. Барлық рәсімдер біліктілік талаптарына сәйкес жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау жөніндегі міндеттемелер қабылданып, декларациялар уақтылы тапсырылды. Лауазымдық нұсқаулықтар мен ережелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 2) Мүдделер қақтығысын реттеу. Бір сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Атап айтқанда, Басқармада мүдделер қақтығысын реттеу туралы ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттың – «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысын реттеу туралы ереженің бекітілмегені анықталды. Аталған құжаттың болмауы Басқарма өкілеттіктерін іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына нормативтік және ұйымдастырушылық алғышарттар қалыптастырады. 3) Мемлекеттік қызметтер көрсету:Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Басқарма 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді: Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту; Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды беру; Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру; Бүлінген жерлерді рекультивациялау жобаларын келісу және беру; Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту; Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы түпкілікті шешім беру; Жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін айқындау. «Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне сауда-саттық өткізуді талап етпейтін құқықтарды алу» мемлекеттік қызметін көрсету процесін талдау барысында нормативтік мерзімдер мен келісу регламентінің сәйкес келмеуіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды: Ережелердің 7-тармағына (ҚР АШМ № 301 бұйрығы) сәйкес, қызмет көрсетудің екінші кезеңіне бар-жоғы 3 жұмыс күні бөлінген. Бұл ҚР Жер кодексінің 120-бабына сәйкес орталық мемлекеттік органдармен (Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК және т.б.) міндетті түрде жүргізілетін келісуді орындауға объективті түрде мүмкіндік бермейді, өйткені бұл рәсім «Е-лицензиялау» МДҚ жүйесінде регламенттелмеген және айтарлықтай көп уақытты талап етеді. Бұл жағдай өтініш берушілермен процестен тыс өзара іс-қимыл жасау үшін жағдай туғызады, бұл регламентте белгіленген қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылу тәуекелін арттырады. 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында 162 мемлекеттік қызмет, 2026 жылдың І жартыжылдығында 217 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ұсынылған құжаттардың талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты 23 мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды, 34 өтінішті өтініш берушілер өздері кері қайтарып алды. 4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру:Рұқсат беру функциялары мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 5) Бақылау-тексеру функциялары:Бақылау заңнамамен белгіленген құзырет шегінде жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 6) Бюджет және қаржы:Қаржылық процестер ашық әрі жария түрде жүргізіледі, ақпарат «Ашық бюджеттер» жүйесінде орналастырылады. Басқарманы қаржыландыру оның негізгі функциялары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған бекітілген бюджеттік бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады. Басқарма мемлекеттік меншіктегі ғимаратта орналасқан. Ведомстволық бағынысты «Облыстық сәулет бюросы» КММ жалға алынған ғимаратта орналасқан. Жалға алу шығындары бекітілген бюджеттік бағдарламалар шеңберінде жүргізіліп, тұрақты бақылауда болады. Талдау кезеңінде бюджеттік қаражатты бөлу және пайдалану кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ. «Облыстық сәулет бюросы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыс әкімдігінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі №72 қаулысымен құрылған. Нақты штат саны – 25 бірліктің 21 қызметкері. 7) Мемлекеттік сатып алу:Мемлекеттік сатып алу рәсімдері тек мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып жүзеге асырылады. 2025 жылдың ІІ жартыжылдығында Басқарма 18 шарт, 2026 жылдың І жартыжылдығында 14 шарт жасасты. «Облыстық сәулет бюросы» КММ 2026 жылдың І жартыжылдығында 33 шарт жасасты. Барлық рәсімдер толық автоматтандырылған, жеткізушілермен тікелей байланысқа жол берілмейді. Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жоқ. 8) Ақпараттық жүйелер:Басқарма тек ресми рұқсат етілген мемлекеттік ақпараттық платформаларды пайдаланады. Меншікті ақпараттық жүйелер әзірленбейді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 9) Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтің өзге мәселелері:Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері анықталған жоқ. Қызметтік әдеп талаптарының сақталуы толық қамтамасыз етілген. Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қорытынды Жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде бір сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды – «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысын реттеу туралы ереженің бекітілмеуі. Ұсыным: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және алдын алу тетіктерін қалыптастыру мақсатында 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысын реттеу туралы ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік құжатты (Ережені) әзірлеп, бекіту. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына (№301 бұйрық) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 120-бабына сәйкес ведомствоаралық келісу кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұруды көздейтін өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ осы өзара іс-қимылды автоматтандыру мақсатында «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасын жетілдіру жөнінде ресми ұсыныс жолдау ұсынылады. Бұл қызметкерлердің өтінімдерді қолмен сүйемелдеу қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді. Басқарма басшысы ___________ А.Бейсенов Басқарма басшысының орынбасары ___________ Б. Муханов Басқарма басшысының орынбасары ___________ Е. Мекетаев Құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы ___________Д. Жаныбекова Құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы ___________М. Хромова Жер есебі, жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімінің бас маманы ___________Д. Идрисова Сәулет, қала құрылысы және цифрландыру бөлімінің бас маманы ___________ А. Алдабергенова