
Мұханов Берік Қадірбекұлы
Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
1985 жылғы 25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Инженер-механик» мамандығы бойынша, ал 2010 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы шаруа қожалығында бастаған. 2011–2020 жылдары мемлекеттік басқару жүйесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Оның ішінде жерді пайдалану мен қорғау, мемлекеттік сатып алулар және цифрландыру салаларында еңбек етті.
2020–2022 жылдары жеке секторда басқарушы және заңгерлік қызметтерде жұмыс істеді.
2022 жылғы тамыздан 2025 жылғы шілдеге дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінде жұмыс істеп, осы комитеттің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасын басқарды.
2025 жылғы 17 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

