Бейсенов Ануар Талғатұлы

    Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы

    Бейсенов Ануар Талғатұлы
    Басқарма басшысы

    Бейсенов Ануар Талғатұлы

    Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    Әнуар Талғатұлы Бейсенов 1994 жылы Ақмола қаласында дүниеге келген. 2016 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 2015 жылы Астана қаласының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасында есепке алу технигі болып бастады.

    2017–2020 жылдары Қостанай қаласы әкімінің аппараты маманы, ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы, Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы егін шаруашылығы және озық технологиялар бөлімінің бас маманы;

    2020–2022 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік инспекторы, бөлім басшысы;

    2022–2023 жылдары ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті Қостанай облысының жер ресурстарын басқару департаментінің бөлім басшысы – мемлекеттік инспекторы, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті бас сарапшысы, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу басқармасының басшысы;

    2024 – 2025 жылдары Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары.

    2025 жылғы 16 қаңтардан бастап Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері