
Токтарбаева Жанар Бакыткалиевна
Оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік кабинетінің әдіскері
Өмірбаян
Тоқтарбаева Жанар Бақытқалиевна 1979 жылғы 29 тамызда бұрынғы Семей облысы, Семей қаласында дүниеге келген.
Отбасы жағдайы: тұрмыста, бес баланың анасы.
Тілдерді меңгеруі: қазақ және орыс тілдері.
1999 жылы Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжді бітірген.
2000–2003 жылдары «Қайнар» университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
1999 жылдан бастап Абай облысы Ақсуат ауданы Көктүбек ауылындағы Көктүбек орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде еңбек жолын бастады.
2003 жылдан бастап Абай облысы Ақсуат ауданы Екпін ауылындағы Ы. Кабеков атындағы орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа қабылданды.
2006 жылдан бастап Абай облысы Ақсуат ауданы Жәнтікей ауылындағы Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.
2012 жылдан бастап Абай облысы Ақсуат ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінде дарынды балалармен жұмыс және қорғаншылық пен қамқоршылық мәселелері жөніндегі әдіскер қызметін атқарып келеді.
Педагогикалық өтілі: 23 жыл.
Санаты: педагог-зерттеуші.
Жетістіктері: республикалық және облыстық деңгейдегі құрмет грамоталары мен төсбелгілерінің иегері.





