
Курмангалиева Нургуль Акановна
Оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
Өмірбаян
1996 жылы «Физика және еңбек» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық әйелдер педагогикалық университетін (ЖЕНПИ) бітірген.
1996 жылдың қыркүйегінен бастап Ақсуат ауданы, Көктүбек ауылы орта мектебінде физика пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
1997 жылдан 2007 жылға дейін Көктүбек ауылындағы орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2007 жылы Тарбағатай аудандық білім бөліміне тәрбие саласы және физика пәні әдіскері болып жұмысқа қабылданды.
2012–2022 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық білім бөлімінде әдістемелік кабинет меңгерушісі қызметін атқарды.
2022 жылдың қазан айынан бастап Ақсуат ауданының білім бөлімінде әдістемелік кабинет меңгерушісі болып қызмет етуде.
Жариялымдар, ғылыми еңбектер:
Бірнеше әдістемелік нұсқаулар мен жинақтардың авторы.
2018 жылы облыстық «Үздік әдістемелік кабинет» конкурсында бас жүлде иегері.
2021 жылы облыстық «Үздік әдістемелік кабинет» конкурсында II орын алды.
«Физикалық есептерді шығару тәсілдері» таңдау курсы оқу-әдістемелік кешенінің авторы.





