
Жанатов Еркебұлан Манарбекұлы
Оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік кабинетінің әдіскері
Өмірбаян
Жанатов Еркебұлан Манарбекұлы 1997 жылы 10 қаңтарда Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ.
Отбасы жағадайы: бойдақ.
Тілдерді меңгеруі: қазақ, орыс.
2003–2014 жылдары К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебін бітірді.
2014–2018 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алды.
2020–2022 жылдары Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетте «Информатика және робототехника пәні мұғалімі» мамандығы бойынша білім алды.
2019 жылы К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебіне зертханашы қызметіне қабылданды.
2022 жылдан бастап К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінде информатика пәні мұғалімі қызметін қоса атқарды.
2024 жылдан бері Ақсуат ауданының білім бөлімінде информатика пәні әдіскері қызметін атқарып келеді.





