
Қабылбеков Самат Елепбайұлы
Байзақ ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Қабылбеков Самат Елепбайұлы 1970 жылы 28 наурызда Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Қызыл жұлдыз ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» және 2007 жылы Қайнар университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Алғашқы еңбек жолын 1989-1993 жылдары Жамбыл аудандық дайындау мекемесінде ауылшаруашылығы өнімдерін дайындаушы болып бастаған. 1993 жылы сәуір – шілде аралығында Жамбыл аудандық сауда кооперативінің жұмысшысы, цех меңгерушісі, 1993-1994 жылдары Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы «Аида» жеке коммерциялық дүкенінің меңгерушісі, 1994-1997 жылдары Жамбыл облысы «Жеңіс» шаруа қожалығының төраға орынбасары, 1997-1999 жылдары Тараз қаласындағы «Шыны» ААҚ-ның цех бастығы, Вице-президенті, 2001-2004 жылдары Тараз қаласы «Сараптау және сертификаттау орталығы» ААҚ-ның маманы, бөлім меңгерушісі, 2004-2006 жылдары ҚР Әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығының маманы, бөлім бастығы, 2006-2010 жылдары Тараз қалалық, облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының директор орынбасары, 2010-2012 жылдары Жамбыл облысының халыққа қызмет көрсету орталығының директоры, 2012-2013 жылдары Республикалық халыққа қызмет көрсету орталығы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры, 2013-2016 жылдары Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, 2016-2017 жылдары Астана қаласы НАО «Мемлекеттік корпарация «Азаматтарға арналған үкіметі» жер кадастры және техникалық тексеру дирекциясының коммерциялық жұмыстар басқармасының басшысы, 2018-2024 жылдары Жамбыл обласы филиалының НАО «Мемлекеттік корпарация «Азаматтарға арналған үкімет» директор орынбасары, 2025 жылы қазан-желтоқсан аралығында Тараз қаласы «Тұрғын үй жөндеу –Тараз» ЖШС-нің директоры қызметтерін атқарған.
2025 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы – заңгері болып қызмет етті.
Үйленген, отбасында 4 бала тәрбиелеп отыр.



