
Құрманов Асылжан Тұрсыналыұлы
Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Құрманов Асылжан Тұрсыналыұлы 1981 жылы 15 қыркүйекте Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ынтымақ ауылында дүниеге келген.
Ұлты – қазақ, білімі - жоғары.
2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Әлеуметтік орта және сапа менеджменті» мамандығы бойынша және 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы мемлекеттік емес жинақтаушы Тараз қаласы «Валют-Транзит қоры» ЖАҚ-ның маманы.
2003-2010 жылдары «Тараз» политехникалық коледжінің оқытушысы, директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2010-2012 жылдары Тараз қаласы «Өркениет» гумманитарлық-техникалық коледжінің атқарушы директоры болып қызметін атқарған.
2012-2022 жылдары аралығында Жамбыл облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2022-2024 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің басшысы, қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған
31.12.2024 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқаруда.



