Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлы

    Байзақ ауданы әкімінің орынбасары

    Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлы
    Заместитель акима

    Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлы

    Байзақ ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлы 1980 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақтоған ауылында туған.

    Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және муниципалдық басқару», Х.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша аяқтаған.

    Алғашқы еңбек жолын 2002 жылы Жамбыл политехникалық колледжінің «Технологиялық пәндер» оқытушысы болып бастап, 2002-2008 жылдары Тараз политехникалық колледжінің «Экономикалық пәндер» оқытушысы, күндізгі оқу бөлімінің меңгерушісі, колледж директоры қызметтерін атқарған.

    2008-2009 жылдары Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, 2009-2010 жылдары облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын дамыту бөлімінде бас инспектор, 2010-2011 жылдары ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, кейіннен бөлім меңгерушісі, 2012-2015 жылдары аппарат басшысының орынбасары, 2015-2016 жылдары Меркі ауданы әкімінің орынбасары, 2018-2020 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ-нің директоры қызметтерін атқарған.

    2020-2022 жылдары аралығында «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметінде болған. 2022 жылдың 20 қыркүйегінен облыстық мәслихат аппаратының басшысы, 2023 жылдың 1 маусымынан Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

    Отбасында 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері