Бүркітәлиев Қуаныш Қалмаханұлы

    Байзақ ауданы әкімінің орынбасары

    Бүркітәлиев Қуаныш Қалмаханұлы
    Заместитель акима

    Бүркітәлиев Қуаныш Қалмаханұлы

    Байзақ ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Бүркітәлиев Қуаныш Қалмаханұлы 1976 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылында туылған. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Инженер-экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Алғашқы еңбек жолын 1998 жылы «Бірлік» шаруа қожалығында есепші болып бастаған. 2001-2005 жылдары «Азамат» шаруа қожалығының басшысы, 2005-2013 жылдары аралығында Жамбыл ауданы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, экономикалық дамуын талдау құрылымдық бөлімшесінің бастығы, бөлім бастығының орынбасары, әлеуметтік – экономикалық талдауды жиынтықтап талдау секторының меңгерушісі, 2013-2014 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы, кейіннен бөлімнің басшысы қызметтерін атқарған. 2014 жылы Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің аппаратының инструктор іс – жүргізушісі, 2014-2016 жылдары Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі болған. 2016 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы болып қызмет етті. Үйленген, отбасында 3 бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері