
Азмаганбетова Жаннур Рамазановна
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу басқармасының басшысы
Өмірбаян
Туған жылы және орны: 1983 жылғы 10 наурыз, Шығыс Қазақстан обл, Абай ауданы Қарауыл ауылы.
Білімі:
2000-2004 жылдар - «Физика және информатика» мамандығы бойынша С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті.
2004-2006 жылдар - «Физика» мамандығы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Физика магистрі (конденсатталған күйдің физикасы).
2006-2009 жылдар - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Тарту университетінің Физика институты (Эстония). «Физика» бағыты бойынша философия докторы.
2009 - 2010 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің радиоэлектроника және техникалық физика кафедрасының аға мұғалімі.
2010 жылдың ақпан-мамыр аралығында - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім сапасын бағалау ұлттық орталығының Білім беру мониторингі зертханасының жетекші сарапшысы.
2010 - 2012 жж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығының халықаралық зерттеулер зертханасының (TIMSS, PISA, PIRLS) меңгерушісі.
2012 жж. - "Назарбаев интеллектуалдық мектебі" АҚ Педагогикалық өлшеу орталығы" филиалының менеджері.
2012 - 2014 жж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаментінің халықаралық ынтымақтастықты іске асыру басқармасының бас сарапшысы.
2015 - 2019 жж. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы.
2019 -2005 жылдың наурыз айына дейін - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы.
2005 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасың Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеу басқармасының басшысы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі төрағасының Құрмет грамоталарымен және "Атом саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталған.


