
Тыштыкбаев Баймурат Кажмуратович
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасының басшысы
Өмірбаян
Туған жылы мен орны: 13 мамыр 1986 ж.т., Молодежный кенті, Қарағанды облысы
Білімі, жоғары:
2004-2008 жылдары - Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ., Қазақстан, мамандығы бойынша бiлiктiлiгi/: заңтану бакалавры.
Еңбек қызметі:
2008 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында жұмыс істеді;
2014-2015 жылдары «Tau Ken Temir» ЖШС «Тау Кен Самұрық» ҰТК» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінде жұмыс істеді;
2017 жылғы қарашадан 2018 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің әдіскері болып жұмыс істеді;
2018 жылдың наурызынан 2019 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді;
2019 жылғы ақпаннан 2019 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті персоналмен жұмыс басқармасының бас сарапшысы;
2019 жылғы қазаннан 2021 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы;
2021 жылғы маусымнан 2022 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының бас сарапшысы;
2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы;
2023 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Ядролық физикалық қауіпсіздік және техникалық кооперация басқармасының бас сарапшысы;
2023 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің Ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасының басшысы.


