
Тарбаев Медет Қамсызұлы
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасының басшысы.
Өмірбаян
Тарбаев Медет Қамсызұлы 12.11.1986 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген.
Білімі, жоғары:
2004-2008ж. – Алматы энергетика және байланыс институты, Алматы қ., Қазақстан, бакалавр-Жылу энергетикасы мамандығы.
2008-2010ж. – Алматы энергетика және байланыс институты, Алматы қ., Қазақстан, Жылу энергетикасы мамандығы, техника және технология магистрі.
Еңбек жолы:
2010 жылдан 2011 жылға дейін ҚР ЭМ ҰЯО ЯФИ ЕМК ВВР-К ССР-Қ реакторын басқару жөніндегі инженер лауазымында жұмыс істеді.
2011 жылдан 2017 жылға дейін ҚР ЭМ ЯФИ РМК ВВР-К ССР-Қ ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жөніндегі инженері лауазымына ауыстырылды.
2018 жылғы сәуірден 2018 жылғы қазанға дейін ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің материалдарды бақылау және халықаралық кепілдіктер басқармасының (бұдан әрі - АЭҚБК) сарапшысы.
2018 жылғы қарашадан 2019 жылғы ақпанға дейін ҚР ЭМ АЭҚБК Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментінің бас маманы.
2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың ақпанына дейін МБХК бас сарапшысы.
2021 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін МБХК басшысы.
2023 жылғы сәуірден 2023 жылғы қарашаға дейін ҚР ЭМ АЭҚБК төрағасының орынбасары.
2023 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың маусымына дейін МБХК басшысы.
2025 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Атом энергиясы агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің МБХК басшысы.


