
Жақыпова Лаура Келісқызы
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы
Өмірбаян
Лаура Келысқызы Жақупова білімі бойынша — «халықаралық журналист» (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) және «Телеэфир жүргізушісі» (Федералды телерадио қызметкерлерінің ИПК).
2002 жылдан бастап бұқаралық ақпарат құралдары саласында еңбек етіп келеді.
2002–2003 жж. — Алматы қ., «НТК» телеарнасы, жаңалықтар қызметінің тілшісі
2003–2006 жж. — Астана қ., «ЭРА» телекомпаниясы, журналист және тікелей эфир жүргізушісі
2008–2009 жж. — «Қазақстан» РТРК» АҚ, Қазақ радиосы «Астана» редакциясы, редактор және жүргізуші
2009–2011 жж. — «ЭРА» телекомпаниясы, «7 арна», тележобалар редакторы, жүргізуші, бағдарламалар бөлімінің журналисі
14.02.2011–10.05.2011 жж. — «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, Сыртқы байланыстар департаментінің сарапшысы
2012–2025 жж. — «Хабар» агенттігі» АҚ, «24KZ» арнасында жаңалықтар жүргізушісі, «Хабар» арнасында редактор-жүргізуші
2022–2024 жж. — ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР ІІО Медиаорталығының бас директоры
01.04.2025–08.08.2025 жж. — «Dara Consult» ЖШС-нің кеңесшісі
11.08.2025 ж. бастап — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы.
Марапаттары: «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған мерекелік медаль, «Қоғамдық құрмет» сыйлығы бойынша «Үздік тележүргізуші» атағы, ҚР Премьер-Министрінің, ҚР Ішкі істер министрінің Құрмет грамоталары. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Сондай-ақ бірқатар деректі фильмдердің, авторлық теле-радио жобалардың, «Деловой мир» журналы мен республикалық газеттердегі жарияланымдардың авторы.





