
Бергенев Ілияс Әділғазыұлы
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
1982 жылы 1 наурызда Абай облысында дүниеге келген, жоғары білімі бар.
Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын «Іскерлік әкімшілік және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша тәмамдаған;
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған.
Мансап
2001–2004 жылдары «Қазцинк» ААҚ ішкі аудит және жүйені дамыту басқармасының жетекші маманы-аудиторы.
2004-2005 жылдары «Қазмұнай Газ-Консалтинг» АҚ экономика-қаржылық қызметтер департаментінің экономисі.
2005-2008 жылдары «Интеграз Орталық Азия» АҚ менеджер.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің «Ертіс» өңіраралық департаменті бастығының орынбасары.
2008-2012 жылдар «Самұрық-қазына» Ұлттық Әл-Ауқат қоры» АҚ өңірлік даму дирекциясы директорының орынбасары, бас сарапшысы, бас менеджері қызметтерін атқарған.
2012–2013 жылдары «Шығыс Қазақстан энергетикалық компаниясы» АҚ даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.
2013-2014 жылдары «Алматы энергия жабдықтаушы» ЖШС сатып алу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы болған.
2014-2023 жылдары «Қазцинк» ЖШС бас директорының энергетика жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған.
2023-2024 жылдары «Алма Сервис» ЖШС бас директордың әкімшілік құқықтық мәселелері жөніндегі орынбасары болған.
2025 жылғы 8 сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.





