
Курманғалиев Нұржан Қайратұлы
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі
Өмірбаян
1985 жылы 4 мамырда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жоғары білімі бар.
2007 жылы Семей педагогикалық мемлекеттік институтын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтаған. 2010 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2007–2010 жылдары — «Бастион» жеке ұйымы» ЖШС-де қызмет атқарған.
2010 жылы — Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінде бас маман болып тағайындалған.
2010 жылдың желтоқсан айынан бастап 2011 жылдың желтоқсан айына дейінгі аралықта — ШҚО «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» КМҚК-де заңгер болып қызмет атқарған.
2011 жылдың желтоқсан айынан бастап 2012 жылдың желтоқсан айына дейінгі аралықта ШҚО «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» КМҚК директоры болған.
2013 жылдың сәуір – маусым айлары аралығында — «Қосымша білім беру және дене шынықтыру мен спорт орталығы» КММ-де бас маман болып қызмет атқарған.
2013 жылдың шілде – тамыз айлары аралығында — «Қайнар» колледжінде кадр бөлімінің басшысы болған.
2013 жылғы қазан айынан бастап — әділет органдарында қызмет атқарған.
2016 жылдың желтоқсан айынан бастап 2025 жылдың маусым айына дейінгі аралықта — Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып қызмет атқарған.
2025 жылдың 1 шілде айынан бастап — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.





