
Өтепбергенова Жанар Советқызы
Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы
Өмірбаян
Өтепбергенова Жанар Советқызы - 2025 жылдың 18 наурызынан бастап Мұнайлы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Өтепбергенова Жанар Советқызы - Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында 1971 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. 1992 жылы Целининград финанс-экономика техникумін, 2003 жылы Орталық-Азия университетінде мемлекеттік бюджеті қаржы және несие мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1992 - 1995 жылдары аралығында Форт-Шевченко қаласында Агропромбанк бөлімшесінің экономисті.
1995 - 1999 жылдары аралығында Ақтау қаласы бойынша салық инспекциясы шағын кәсіпорындардың табыстарына салық салу бөлімінің салық инспекторы, аға салық инспекторы қызметтерін атқарған.
1999 - 2002 жылдары аралығында Маңғыстау облысы бойынша салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі басқармасының салық төлеушілердің жұмысы жөніндегі бөлімінің декларацияларды қабылдау секторының бас салық инспекторы.
2002 - 2012 жылдары аралығында Түпқараған ауданы бойынша салық комитетінің төраға орынбасарының міндетін атқарушы, салық төлеушілермен жұмыс және түсімдерді есепке алу бөлімінің бас салық инспекторы, салықтық тіркеу әкімшілендіру, есептілікті қабылдау және өңдеу бөлімінің бастығы.
2012 - 2025 жылдары аралығында Түпқараған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.





