
Өмірбаян
Жексенбаев Қадырбек Құдабайұлы- 1987 жылы Түркменстан Республикасында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2015 жылы Астана қаласы «Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті» қаржы мамандығы бойынша бітірген.
Мансап
Еңбек жолын Ақтау қаласы «Қалқаман и К» ЖШС экономист көмекшісі болып бастаған.
2006-2007 жылдары аралығында №2025 Әскери бөлімінде материалды есепшісі.
2009-2012 жылдары Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы.
2012-2013 жылдары Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы.
2013-2015 жылдары Қызылтөбе ауылдық округінде бас маман, ауысу тәртібімен Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімінде бас маман.
2015-2017 жылдары «Нұр Отан» Мұнайлы аудандық филалының консультанты.
2017-2021 жылдары Дәулет ауылдық округі әкім аппаратында бас маман.
2021 жылдың наурыз-шілде айлары аралығында Мұнайлы ауданы әкімі аппаратында бас маман.
2021-2022 жылдары Дәулет ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман.
2023 жылдан 2025 жылдың Дәулет ауылдық округі әкімінің орынбасары.
2025 жылдың желтоқсанынан бастап Баянды ауылы әкімі аппаратының әкімі болып тағайындалды.





