Айтбаев Сауыт Нұрғалиұлы

    Батыр ауылдық округінің әкімі

    Айтбаев Сауыт Нұрғалиұлы
    Аким

    Айтбаев Сауыт Нұрғалиұлы

    Батыр ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Айтбаев Сауыт Нұрғалиұлы 1989 жылы 12 ақпанда Түрікменстан Республикасы, Ташауыз облысында дүниеге келген. 1996-2008 жылдар аралығында жалпы білім беру орта мектепте оқып бітірген. Білімі жоғары. 2010 жылы Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы колледжінің құқықтану мамандығы бойынша оқып аяқтап, 2013 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығын бітірген.

    Еңбек жолын 2008-2009 жылдары Жаңаөзен қаласындағы «Құлагер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде автокөлік жүргізушісі болып бастаған. 2010-2011 жылдары қайта Жаңаөзен қаласындағы «Құлагер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде автокөлік жүргізушісі болып жұмыс жасады.

    2012-2013 жылдары «Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде нұсқаушы, 2013 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында «Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман міндетін атқарушы, 2013-2014 жылдары «Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман, 2014-2020 жылдары «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман болып қызметтер атқарды.

    2020 жылдың 8 қыркүйегінен бастап Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері