
Өмірбаян
Беков НұрбердіӘндірұлы 01 шілде 1983 жылы Түркіменстан Республикасы, Мары облысында дүниеге келген. 1990-2000 жылдар аралығында Қызылтөбе ауылының №18 орта мектебінде білім алды.Білімі жоғары. 2000-2004 жылдары М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында жол қозғалысын ұйымдастыру мамандығын бітірді.
Еңбек жолын 29.08.2002 жылы Жолаушылар вагон шаруашылығы жөніндегі батыс аймақтық филиалында темір ұстасы қызметінен бастады, 03.02.2003-20.02.2004 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық жер ресурстарын бақылау комитетінде көлік жүргізуші, 19.03.2004-21.05.2005 жылдар аралығында «Мұнайгаз құрылыс» БАҚ темір ұстасы, 05.09.2008-03.06.2009 жылдар аралығында «Мұнайлы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінде нұсқаушы, 15.07.2009-01.08.2013 жылдар аралығында «Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде нұсқаушы, 01.09.2013-12.01.2017 жылдар аралығында «Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман, 13.01.2017-01.03.2020 жылдар аралығында Дәулет ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарып, 02.03.2020 жылдан бастап Дәулет ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келді.





