Сайдалин Берік Серікұлы

    Бөлім басшысы

    Сайдалин Берік Серікұлы
    Руководитель отдела

    Сайдалин Берік Серікұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Сайдалин Берік Серікұлы 1996 жылы Ақмола облысы Зеренді ауданы Молодежное ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2017 жылы Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжін «ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша, 2024 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтын «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 2014 жылы «Колорит Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бастаған.

    2015–2017 жылдары – «Көркем-2008» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құрылыс учаскесінің шебері.

    2018–2020 – «Инжиниринг Сервис» ЖШС техникалық қадағалау инженері.

    2020–2021 – «Би Глобал» ЖШС құрылыс учаскесінің шебері.

    2022–2024 – Көкшетау қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы, құрылыс секторының меңгерушісі.

    2024 - 2025 - Көкшетау қаласының құрылыс бөлімінің басшысы.

    2025 жылғы мамырдан шілдесіне дейін - Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сәулет және қала құрылысы секторының меңгерушісі.

    2025 жылдың 1 тамызынан бастап Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері