
Оспанова Айнагүл Отызбайқызы
Мемлекеттік қызметтерді мониторингтеу бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Оспанова Айнагүл Отызбайқызы 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданы, Ломоносовка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2013 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы «Куйбышевское» АҚ сынамашы болып бастады.
2006 жылдың мамыр айынан желтоқсан айына дейін «Мәдениет үйі» МКҚК шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2007 – 2009 жылдары «Мәдениет үйі» МКҚК кадрлық мәселелер бойынша іс-жүргізуші болып қызмет атқарған.
2009 – 2010 жылдары Ақмола облысының халыққа қызмет көрсету орталығының Зеренді аудандық филиалының инспекторы.
2010 -2013 жылдары Зеренді аудандық Әділет басқармасының инспекторы.
2013 - 2020 жылдары - Зеренді ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас маманы.
2020 жылдың қаңтарында Зеренді ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы болып тағайындалды.





