
Садвокасова Шолпан Сексенбаевна
Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1979 жылы Ақмола облысы Сандықтаудан Мәдениет ауылында дүниеге келді, жоғары білімі бар.
2001 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша бітіріп, «экономика және құқық негіздері пәнінің мұғалімі» біліктілігін алды.
2005 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «заңгер бакалавры» мамандығы бойынша аяқтады.
2001-2004 жылдар аралығында Көкшетау қаласы Ішкі істер басқармасының көші-қон полициясы бөлімінің маманы болып жұмыс істеді.
2005-2006 жылдар – Ақмола облысы Целиноград ауданы Әділет басқармасының халықты құжаттау және тіркеу бөлімінің маманы.
2007-2009 жылдар – Ақмола облысы Зеренді ауданы Әділет басқармасының маманы.
2010-2015 жылдар – Зеренді ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы.
2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Зеренді ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.





