
Ыбраимова Жанна Бауыржанқызы
Бірынғай персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ыбраимова Жанна Бауыржанқызы 1979 жылы Ақмола облысы Зеренді ауданы Викторовка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2000 жылы Көкшетау қаласындағы Ш. Уалиханов атындағы мемлекеттік университетті «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша, 2005 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2000 жылы Зеренді АІІБ көші-қон полициясы бөлімінде маман болып бастаған.
2002–2004 жылдары – Зеренді АІІБ Көші-қон полициясы бөлімінің бас маманы.
2005–2010 жылдары – Зеренді аудандық Әділет басқармасының құжаттамалық қамтамасыз ету және азаматтарды тіркеу бөлімінің бас маманы.
2010–2011 – Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық Зеренді филиалының жоғары білікті маманы.
2011–2013 – Зеренді ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы.
2013 жылдың тамыз айында Зеренді ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы болып тағайындалды.





