
Өмірбаян
Камиева Айнагүл Катекқызы 1973 жылы Ресей, Алтай өлкесінде дүниеге келген, білімі жоғары, 2004 жылы Көкшетау университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы бастаған – «Достық» АФ есепші-экономист.
2000–2003 – «Достық-Арман» ЖШС бас есепшісі.
2003–2004 жылдары – Зеренді аудандық әскери комиссариатының әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы.
2005–2018 жылдары – Ақкөл ауылдық округінің бас маман-есепшісі.
2018 – 2022 жылдары – Зеренді ауданының экономика және қаржы бөлімінің мемлекеттік активтер басқармасы бухгалтерлік есеп және есептілік секторының меңгерушісі.
2022 жылдың 16 маусымында Зеренді ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.





