Кожаев Айдос Толегенович

    Басқарма басшысының орынбасары

    Кожаев Айдос Толегенович
    Басқарма басшысының орынбасары

    Кожаев Айдос Толегенович

    Басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Қожаев Айдос Төлегенұлы 1989 жылы 28 қаңтарда Целиноград қаласында дүниеге келген, білімі жоғары, 2011 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін маркетинг мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2012 жылдың 1 наурызында Астана қаласының Kaspi bank» АҚ филиалының сыртқы басқару арналарын сату менеджері қызметінен бастады.

    2012 жылдың наурызынан 2012 жылдың сәуіріне дейін «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ талдау бөлімінің бас маманының м. а. (негізгі қызметкердің декреттік демалысы кезеңіне уақытша) (міндетті арнайы тексеру нәтижелерін алғанға дейін) болып қызмет атқарды.

    2012 жылдың сәуірінен 2012 жылдың маусымына дейін «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ талдау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің декреттік демалысы кезеңіне уақытша) болып, және ары қарай осы мекемеде 6 маусымнан 26-шы маусымға дейін құжат айналымын бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

    2012 жылдың маусымынан 2013 жылдың қаңтарына дейін «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ қаржы-экономикалық бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің декреттік демалысы кезеңіне уақытша) қызметін атқарды.

    2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың қазанына дейін «Астана қаласының Құрылыс басқармасы" ММ бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің декреттік демалыс кезеңіне уақытша) боп жұмыс істеді.

    2014 жылдың қазанынан 2015 жылдың ақпанына дейін «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің декреттік демалысы кезеңіне уақытша) болып қызмет атқарды.

    2015 жылдың ақпанынан 2015 жылдың наурызына дейін «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ есепке алу жөніндегі технигі болып жұмыс істеді.

    2015 жылдың мамырынан 2015 жылдың маусымына дейін «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ нақты секторды дамыту бөлімінің бас маманының м. а. (міндетті арнайы тексеруден өту туралы нәтижелер алынғанға дейін уақытша) болып, және ары қарай маусым айы бойында «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ нақты секторды дамыту бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.

    2015 жылдың маусым айының соңынан 2018 жылдың сәуір айының соңына дейін «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2018 жылдың сәуір айының соңынан 2020 жылдың наурыз айының басына дейін «Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бюджеттік инвестициялық жобаларды үйлестіру бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.

    2020 жылдың наурызынан 2020 жылдың шілде айының соңына дейін «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік инвестициялық жобаларды үйлестіру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2020 жылдың шілде айының соңынан 2022 жылдың наурызына дейін «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қалалық ортаны абаттандыру және сапа бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

    2022 жылдың наурызынан 2022 жылдың қарашасына дейін «Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің нақты секторды дамыту бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

    2022 жылдың қарашасынан 2025 жылдың маусымына дейін «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің нақты секторды дамыту бөлімі бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

    2025 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

    Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері