Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
"Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
БСН: 050240003327
Мекен жайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11.
Жұмыс уақыты: 7.30-17.00 сағ. Түскі үзіліс: 12.00- 13.30 сағ
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының құрылымына 10 бөлім кіреді.
Экономикалық талдау және стратегиялық жоспарлау бөлімі Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдауды, стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды, сондай-ақ Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен операциялық жоспарларын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады. Елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг, Астана қаласының экономика салаларының жай-күйі мен дамуына талдау жүргізеді. Мемлекеттік және экономикалық саясатты ескере отырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлейді. Астана қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекет пен Астана қаласының экономикалық саясатын іске асыру, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және іске асыру, Астана қаласын дамыту бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмысын үйлестіреді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын дайындайды.
Бюджеттік саясат бөлімі Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес функционалдық топтар шеңберінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған Астана қаласы бюджетінің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады. Астана қаласының бюджетін нақтылауға, түзетуге жиынтық материалдар дайындайды және оларды одан әрі іске асыруды жүргізеді.
Білім, мәдениет және спорт бөлімі нормативтік құқықтық актілер негізінде «Білім беру», «Мәдениет», «Туризм және спорт» функционалдық топтары шеңберінде кезекті қаржылық үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасын әзірлеуді жүзеге асырады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде қала бюджетін нақтылауға материалдар дайындайды. Жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жобаларын, стратегиялық жоспарды, операциялық жоспарды, Астана қаласын дамыту бағдарламасын іске асыру мониторингін әзірлеуге қатысады.
Әлеуметтік даму және денсаулық сақтау бөлімі нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттар негізінде «Денсаулық сақтау», «Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек», «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық топтары шеңберінде кезекті қаржылық үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасын әзірлеуді жүзеге асырады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде қала бюджетін нақтылауға материалдар дайындау. Жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу, Стратегиялық жоспарды, операциялық жоспарды, Астана қаласын дамыту бағдарламасын іске асыру мониторингі.
Мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық қорғау органдары бөлімі Астана қаласы бюджетінің жобасын қалыптастыру кезінде мемлекеттік аппараттың, қорғаныс мекемелері мен құқық қорғау органдарының шығыстарын уақытылы және сапалы жоспарлауды жүзеге асырады. Бюджетті түзетуге және нақтылауға, жылдық қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге, нақтыланған жылдық қаржыландыру жоспарын бекітуге материалдар дайындайды. Астана қаласы әкімдігінің елорданы басқару схемасы бойынша, жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимитін өзгерту жөніндегі қаулыларын, Астана қаласы әкімінің жергілікті мемлекеттік басқару органдарының штат кестелеріне өзгерістер енгізу жөніндегі өкімдерін дайындайды.
Нақты секторды дамыту бөлімі жетекшілік ететін салалар бойынша ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджетті, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы бюджеттік инвестицияларды қалыптастыруды жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды үйлестіру бөлімі инвестициялық ұсыныстарды іріктеуді және бағалауды жүзеге асырады, алдағы үш жылдық кезеңге арналған басым бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеуді, мониторингтеуді және іске асырылуын бағалауды жүргізеді, Астана қаласының даму басымдықтарын айқындауға, Астана қаласының инвестициялық саясаты бөлігінде стратегиялар мен жоспарларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады.
Әкімшілік бөлім Мемлекеттік қызмет саласындағы ұйымдастыру-өкімдік құжаттар бойынша басқарма бөлімдерінің қызметін ұйымдастырады, басқарманың кадрлық жұмысын жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді бағалау, аттестаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Басқарманың құжат айналымын ұйымдастыруды, мемлекеттік тіл саясатының іске асырылуын бақылауды, Басқарманың ведомстволық мұрағатының жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бекітілген қаржыландыру жоспарлары бойынша ашық лимиттерге және нысаналы мақсатқа сәйкес бюджет қаражатының дұрыс және тиімді жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады., сондай-ақ басқарма қызметіндегі заңдылықтың сақталуын, басқарманың заңнаманы қолдану практикасын қорытуды, Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіруді, Басқармада жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, Басқарманың мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бақылау.
Абаттандыру, цифрландыру және бюджеттік бағдарламалардың мониторингі бөлімі Аумақтық абаттандыру саласындағы өндірістік және қаржылық қызметті сипаттайтын қала бюджетінің шығыстарын жоспарлауға қажетті жоспарлы және есептік көрсеткіштерді жүйелеу мен талдауды, мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу, бекіту және өзгерту мәселелері бойынша әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Астана қаласын дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысу. Өз құзыреті шегінде кредиттік шарттарды, сенімгерлік басқару жөніндегі шарттарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеу процесін консультациялық сүйемелдеу.
Тиімділік индикаторларына қол жеткізу, түсімдерді болжау және МЖӘ жобаларын үйлестіру бөлімі
Жаңа бастамаларды жоспарлау және Астана қаласын дамыту басымдықтарын айқындауға қатысу мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Мемлекеттік органдардың жобалық басқармасын енгізу мәселелері бойынша Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған Астана қаласы бюджетінің болжамын жасайды.