Дюсетаев Эльдар Серикович

    Басқарма басшысының орынбасары

    Дюсетаев Эльдар Серикович
    Басқарма басшысының орынбасары

    Дюсетаев Эльдар Серикович

    Басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Дүйсетаев Эльдар Серікұлы 1981 жылы 12 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі – жоғары (2003 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін елтану тарихшы, тарих пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген)

    2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін менеджмент мамандығы бойынша бітірді. 2019 жылы магистратураны бітірді Оңтүстік Калифорния университеті (USC Price School) Мемлекеттік басқару мамандығы бойынша («Болашақ» бағдарламасы).

    Еңбек жолын 2003 жылдың 1 қыркүйегінде Қарқаралы қаласының №2 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.

    2003 жылдан 2007 жылға дейін Қазыбек би атындағы ауданның және Қарағанды қаласы әкімінің аппараттарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

    2007-2010 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

    2010-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

    2014 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2019 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың сәуіріне дейін Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

    2022 жылдың сәуірінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

    2023 жылдың маусымынан 2025 жылдың шілдесіне дейін Астана қаласының Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2025 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқаруда.

    Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері