
Ысқақов Жәнібек Қонысбекұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Ысқақов Жәнібек Қонысбекұлы 1986 жылы 21 сәуірде Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары, 2018 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының денсаулық сақтау, әлеуметтік бағдарламалар және ақпараттық кеңістік бөлімінің бас маманы болып бастады. 2009-2018 жылдар аралығында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, стратегиялық жоспарлау және бюджеттік инвестициялық жобаларды үйлестіру бөлімдерінің бас маманы лауазымдарында жұмыс істеді. 2018 жылдан 2023 жылға дейін экономикалық талдау және есептілік және стратегиялық жоспарлау бөлімдерінің басшысы болып қызмет атқарды.
2023 жылдың сәуір айынан бастап Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істейді. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.


