
Өмірбаян
Михайлова Дина Артуровна 1973 жылы 26 қазанда Қостанай облысының Жітіқара қаласында туған.
Білімі жоғары, 2007 жылы Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
1991 жылғы ақпаннан шілдеге дейін – Рудныйқаласының№106шаруашылық есептегі ауруханааралықдәріханасындасанитар;
1991 жылғы қазаннан 1996 жылғы наурызға дейін – «Казлегпром» ААҚ концернінің Жетіқара тігін фабрикасының тігін цехында тігінші оқушысы;
1996 жылғы наурыздан 1997 жылғы қазанға дейін – Жітіқара ауданы прокуратурасы кеңсесінің меңгерушісі;
2000 жылғы тамыздан 2001 жылғы қаңтарға дейін – Қостанай облысы Әділет басқармасының Жітіқара аудандық сотының сот отырысының хатшысы;
2001 жылғы қаңтардан 2015 жылғы қазанға дейін – «Қостанай облыстық сотының кеңсесі» ММ Жітіқара аудандық соты кеңсесінің бас маманы;
2015 жылғы қазаннан 2016 жылғы тамызға дейін – «Соцсервис» ЖШС заңгері;
2016 жылғы қарашадан желтоқсанға дейін – «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ әдіскері;
2017 жылғы қаңтардан наурызға дейін – «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ құқық бөлімі бас маманының міндетін атқарушы;
2017 жылғы наурыздан 2021 жылғы тамызға дейін – «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ құқық бөлімінің бас маманы;
2021 жылғы тамыздан 2024 жылғы қаңтарға дейін – «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бөлімінің бас маманы;
2024 жылғы ақпаннан 2025 жылғы маусымға дейін – «Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік қызметтер секторының меңгерушісі;
2025 жылғы 16 маусымда Жітіқара ауданы әкімінің өкімімен «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау, олардың мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы болып тағайындалды.





