
Садыбекова Даурия Сейсенқызы
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Курчатов қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері
Өмірбаян
Садыбекова Даурия Сейсенқызы 1978 жылы 22 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. 1995 жылы Аягөз қаласының №2 орта мектебін бітірді.
1995 жылы Семей медициналық академиясына емдеу ісі мамандығы бойынша оқуға түстіп, 2002 жылы Семей мемлекеттік медициналық академиясын терапевт дәрігер мамандығы бойынша оқу бітірді.
19.07.2002 жылдан бастап 22.09.2003 жылға дейін Павлодар облысының Успенск ауылында "Успенск аудандық ауруханасы" КМҚК - терапевт дәрігері болып жұмыс істедім.
22.09.2003 жылы Куратов қаласының "Қалалық аурухана" КМҚК терапевт дәрігер болып жұмысқа орналастым.
2012ж. біліктілікті арттыру бойынша - Семей қ. ММУ "Денсаулық сақтау менеджменті»
2014ж. - Семей қ. ММУ "ҚР Денсаулық сақтауды басқарудың жаңа тәсілдері"
2015ж. - Семей қ. ММУ "Туберкулезді ерте анықтау мәселелері. МСАК мамандары үшін дәріге төзімді өкпе туберкулезінің менеджменті»
2015ж. - "Оқу-клиникалық орталығы" ЖШС филиалы - "Денсаулық сақтаудағы менеджмент пен маркетинг"
2015ж. - "Оқу-клиникалық орталығы" ЖШС филиалы - "Терапияның өзекті мәселелері"
02.03.2015ж. "Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру" мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты берілді.
02.03.2015ж. Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Курчатов қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны клиникалық-диагностикалық емхананың/алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, терапевт дәрігері болдым.
09.11.2016ж. "Терапия" (жасөспірімдер терапиясы, жедел және шұғыл медициналық көмек, диетология) мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты берілді.
2016ж. Семей қ. СММУ "ҚРдағы міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің негіздері".
07.09.2018ж. бастап Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Курчатов қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның бас дәрігері лауазымына тағайындалдым.
2018ж. Қоғамдық денсаулық сақтау "Денсаулық сақтауды басқарудағы заманауи мәселелер»
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы Диплом (Магистратура) MBA №201905.




