Жұмабаев Нұрлан Саятұлы

    «Курчатов Водоканал» ШЖҚ МКК директорының м.а

    Жұмабаев Нұрлан Саятұлы
    Директор

    Жұмабаев Нұрлан Саятұлы

    «Курчатов Водоканал» ШЖҚ МКК директорының м.а

    Өмірбаян

    1995 жылғы 29 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген

    2014 жылы Семей қаласындағы «Құқық және Бизнес» колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдап, заң кеңесшісі біліктілігі берілген.

    2018 жылы Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітіріп, экономика бакалавры дәрежесі берілген.

    2024 жылы Алматы қаласындағы А.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтына «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша оқуға түсіп, қазіргі уақытта білім алуда.

    01.11.2014 – 15.04.2015 жж. – Курчатов қаласындағы КМЭП МКК-де 2-разрядты күл шығарушы болып жұмыс істеді.

    12.10.2015 – 22.12.2015 жж. – Курчатов қаласындағы КМЭП МКК-де 2-разрядты күл шығарушы болып жұмыс істеді.

    23.12.2015 – 31.03.2016 жж. – Курчатов қаласындағы КМЭП МКК қазандығында 3-разрядты машинист-кочегар лауазымына ауыстырылды.

    03.10.2016 – 28.11.2019 жж. – Курчатов қаласы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-де жол инспекторы қызметін атқарды.

    04.12.2019 – 02.03.2020 жж. – Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов көпсалалы пайдалану кәсіпорны» МКК директорының орынбасары болды.

    04.03.2020 – 06.11.2021 жж. – «Курчатов су арнасы» ШЖҚ МКК-де техникалық директор, өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы қызметін атқарды.

    02.12.2021 – 01.06.2022 жж. – Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов көпсалалы пайдалану кәсіпорны» МКК-де бас инженер болып жұмыс істеді.

    03.06.2022 – 07.12.2023 жж. – «Курчатов су арнасы» ШЖҚ МКК-де техникалық директор қызметін атқарды.

    08.07.2024 – 10.02.2025 жж. – Семей қаласындағы «Гордострой» ЖШС-де учаске шебері болып жұмыс істеді.

    11.02.2025 – 12.05.2025 жж. – Семей қаласы «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де статист қызметін атқарды.

    19.01.2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Курчатов су арнасы» ШЖҚ МКК директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері