
Нұрланов Айдын Мұқатайұлы
Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов көпсалалы эксплуатациялық кәсіпорны» МКК директоры
Өмірбаян
Айдын Мұқатайұлы Нұрланов, 1970 жылы 12 мамырда Семей облысы Абай ауданы Қайнар ауылында дүниеге келді. 1987-1988 жылдары Семей қаласының №8 СПТУ-да токарь мамандығы бойынша оқыды.1988-1990 жылдар аралығында Кеңес армиясының қарулы күштері қатарында әскери қызмет етті. Қызметті Германияда өтті.1991 жылы Семей технологиялық институтына «Инженер-механик» мамандығы бойынша сырттай оқуға түсті. 1997 жылы осы институтты бітірді.
1991-1994 ж Абралы РПО-да аға экономист
1994-2016 ж Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны» МКК-да әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді (слесарь-жөндеуші, аға оператор, ауысымның кезекші инженері, жылумен жабдықтау учаскесінің бастығы, қазандық бастығы, бас инженер).
2016-2024 ж Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны» МКК техникалық директоры
02.02.24 ж Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны» МКК директорының м.а
24.11.06 Курчатов қаласы әкімдігінің «Курчатов көпсалалы эксплуатациялық кәсіпорны» МКК директоры.




