
Жунусова Раушан Қабтаевна
Абай облысы Курчатов қаласының "Достық үйі" КМҚК директорының м.а
Өмірбаян
1975 жылғы 16 ақпанда бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданының Бидайық ауылында дүниеге келген.
1982 жылы Семей қаласындағы №1 мектеп-интернатына оқуға қабылданып, 1992 жылы аталған оқу орнын тәмамдаған.
1999–2002 жылдары Семей педагогикалық колледжінде білім алып, «Еңбек пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
1997 жылдан 2023 жылға дейін Павлодар облысы, Май ауданы, Ақжар ауылында мұғалім болып қызмет атқарған.
2024 жылы Абай облысының Курчатов қаласына қоныс аударған. Сол жылдан бастап қалалық Достық үйінде әдіскер қызметін атқарған.
2026 жылғы 1 маусымнан бастап Достық үйі директорының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалған.




