Сарсекеева Нурсулу Амангельдыкызы

    Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

    Сарсекеева Нурсулу Амангельдыкызы
    Член комиссии

    Сарсекеева Нурсулу Амангельдыкызы

    Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

    Өмірбаян

    Нурсулу Амангельдыкызы Сәрсекеева 1978 жылы туған.

    1999 жылы Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

    Мемлекеттік аудитор сертификаты бар.

    Н.А. Сарсекеева еңбек жолын 1995 жылы Қарағанды облысы, Балқантау ауылының ауылдық әкімшілігінде бухгалтер-кассир көмекшісі қызметінен бастады.

    2000 жылдың қарашасынан 2003 жылдың тамызына дейін Ақсу қаласының №19 кәсіпті лицейінде бухгалтерлік есеп оқытушысы және кадрлар бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді.

    2003 жылдың тамызынан 2005 жылдың қаңтарына дейін Ақсу қаласы әкімі іс басқармасының қаржы-есеп айырысу орталығының бас маманы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарған.

    2005 жылғы қаңтардан 2012 жылғы мамырға дейін «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» ММ әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бухгалтерлік есеп пен есептілік жөніндегі бас маманы, әкімшілік-қаржы бөлімінің бухгалтерлік есеп пен есептілік жөніндегі бас маманы-бас бухгалтері, қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің меңгерушісі, қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарған.

    2012 жылғы мамырдан 2016 жылғы маусымға дейін «Павлодар қаласы әкімінің аппараты» ММ әкімшілік-қаржы бөлімінің бастығы-бас бухгалтері, әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы-бас бухгалтері лауазымдарында қызмет атқарған.

    2016 жылғы маусымнан 2019 жылғы қаңтарға дейін Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының қаржылық-экономикалық бөлімінің басшысы, әкімшілік-қаржылық жұмысы және ақпараттандыру бөлімінің басшысы, құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы-бас бухгалтері лауазымдарында қызмет атқарған.

    2019 жылғы ақпаннан 2024 жылғы қаңтарға дейін «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ сапаны бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы, сапаны бақылау бөлімінің бас инспекторы – мемлекеттік аудиторы, мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы – мемлекеттік аудиторы лауазымдарында қызмет атқарған.

    2024 жылдың қаңтардан бастап «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ №1 мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы – мемлекеттік аудиторы лауазымында қызмет атқарған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері