
Садықов Айдос Қабдуахитұлы
Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасы
Өмірбаян
1970 жылы 8 ақпанда дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: экономикалық және заңгерлік.
Еңбек жолын Семей облысы Чар ауданы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы болып бастаған, Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық органдарында басшы қызметтерінде, Шығыс Қазақстан облысы бойынша дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі департаментінің басшысы, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып қызмет атқарған.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің III дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалімен, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медалімен марапатталған.
2019 жылдан бастап 2024 жылға дейін Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі қызметін атқарды.
2024 жылдың 29 наурызындағы №118 Ұлытау облыстық мәслихаты сессиясының шешімімен Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалды.



