
Нуркенов Абылай Оралгазиевич
Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
1991 жылы 7 тамызында Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Үш жоғары білімі бар.
А.О. Нұркенов еңбек жолын 2016 жылы «Интерстройсервис и К» ЖШС-ның Жезқазған филиалының директоры қызметінен бастады, 2017-2022 жылдары Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы экономика дамуына мемлекеттік аудит бөлімінің жетекші маманы; мемлекеттік аудит бөлімінің жетекші маман-мемлекеттік аудитордың ассистенті; бас маман-мемлекеттік аудиторы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың 11 шілдесінен 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы әдіснама және сапа бақылауы департаменті бағалау және сапа бақылауы секторының бас консультанты; Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының экономиканың нақты секторына аудит жүргізу департаменті индустриялық даму секторының бас консультант-мемлекеттік аудиторы лауазымдарында жұмыс істеді.
2024 жылдың 01 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы экономиканың нақты секторына аудиті департаменті коммуникациялар секторының бас консультанты-мемлекеттік аудиторы лауазымын атқарады.
2021 жылы мемлекеттік аудитор біліктілігін алуға үміткер тұлғаларға аттестаттау жөніндегі Ұлттық комиссия «Мемлекеттік аудитор» біліктілігін берді.
2024 жылдың 24 маусымынан бастап Ұлытау облысы бойынша Тексеру комиссиясы лауазымына тағайындалды.



