
Шалдыбаева Салтанат Қазымбекқызы
Лисаков қаласы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Жалпыақпарат, білімі
Шалдыбаева Салтанат Қазымбекқызы, 1971 жылғы 26 наурызда Қостанай облысы Науырзым ауданы Шилі ауылында дүниеге келді.
1993 жылы «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында оқыту» мамандығы бойынша Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжін аяқтады.
1996 жылы «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша Қостанай мемлекеттік университетін аяқтады.
2011 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін аяқтады.
Мансап
1993 жылғы 15 тамыздан 1996 жылғы 09 наурызға дейін – Елтай ТОМ (толық емес орта мектебі) бастауыш сынып мұғалімі;
1996 жылғы 11 қарашадан 1997 жылғы 20 тамызға дейін – Қостанай қаласының № 16 орта мектебінде қазақ тілі мұғалімі;
2000 жылғы 30 наурыздан 2000 жылғы 18 тамызға дейін – «Октябрь орта мектебі» ММ қазақ тілі мұғалімі;
2000 жылғы 21 тамыздан 2004 жылғы 31 тамызға дейін – Лисаков қалалық білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» ММ қазақ тілі мұғалімі;
2004 жылғы 01 қыркүйектен 2005 жылғы 25 тамызға дейін – Лисаков қаласы білім және спорт бөлімінің «Мектеп – гимназия» ММ қазақ тілі мұғалімі және директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
2005 жылғы 26 тамыздан 2018 жылғы 20 ақпанға дейін – Лисаков қаласы білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» КММ директоры;
2018 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 26 желтоқсанға дейін – VI және VII шақырылымдағы Лисаков қалалық мәслихатының хатшысы;
2022 жылғы 27 желтоқсаннан 2023 жылғы 20 қаңтарға дейін – Лисаков қалалық мәслихатының төрағасы;
2023 жылғы 01 ақпаннан 2023 жылғы 11 мамырға дейін – «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» ММ қала әкімінің қоғаммен байланыс жөніндегі әдіскер-кеңесшісі;
2023 жылғы 12 мамырдан 2025 жылғы 04 сәуірге дейін – «AMANAT» партиясы Лисаков қалалық филиалының атқарушы хатшысы;
2025 жылғы 07 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін – Лисаков қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы.
Тұрмыста, бір баласы бар.
Ішкі саясат, мемлекеттік тіл саясаты, ономастика, этносаралық сала, мәдениет, дін, демография, жастар саясаты, мемлекеттік рәміздер, дене тәрбиесі және спорт, білім беру, патриоттық тәрбие, қоғамдық бірлестіктер, қорлар, бұқаралық ақпарат құралдары, қоныс аудару және қандастармен жұмыс мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы органдары мен аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
ішкі саясат, мемлекеттік тілдік саясат, этникааралық сала, мәдениет, дін, көші-қон және демография, жастар саясаты, дене тәрбиесі және спорт болып табылатын жетекшілік ететін мәселелер бойынша заңнамалық және құқықтық актілердің орындалуын;
жетекшілік ететін бағыттар бойынша цифрландыру жөніндегі шараларды іске асыруды;
тиісті салалардың қызметіне жобалық басқару қағидаттарын енгізуді қамтамасыз етеді.
қала әкімдігінің мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметі және жетекшілік ететін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуін бақылауды;
«Электрондық үкімет» порталында «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметтерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды үйлестіреді.
саяси партиялар, Қоғамдық бірлестіктер мен қозғалыстар;
кәсіподақтар, жастар ұйымдары, діни конфессиялар, шығармашылық одақтар, үкіметтік емес ұйымдар;
бұқаралық ақпарат құралдарымен;
қалалық телекоммуникация өндірістік торабы;
қалалық пошта байланысы торабы;
Жоғары Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы;
балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі;
Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады.
Лисаков қаласы әкімдігінің жанындағы жастар кеңесі жөніндегі кеңестің;
Лисаков қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің,
кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияның;
қалалық эвакуациялау комиссиясының;
қалалық шақыру комиссиясының;
қалалық тіркеу комиссиясының қызметіне жетекшілік етеді.
Жұмыс бағыттары
Мәдениет және тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт, ішкі саясат



