Лисаков қаласының әкімдігі

    Жалпы ақпарат

    «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Лисаков қаласы әкімiнің және жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Лисаков қаласының әкімі А.Ибраевтың қала тұрғындарымен кездесуі.

    2026 жылғы 26 маусымда қалалық мәдениет және спорт орталығының ғимаратында Лисаков қаласының әкімі А. Ибраевтың қала тұрғындарымен кездесуі өтті. Тікелей эфир қала әкімдігінің Instagram-дағы (@lisakov_akimdigi) ресми парақшасында көрсетілді. Әкім ағымдағы жылдың 5 айындағы әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін атап өтті. Кездесу барысында 5 сұрақ қойылды, оның 2 түсіндірілді, 3 сұрақ бақылауға алынды.

    26 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Лисаков қаласында Құрманғазы оркестрінің "Халық әуені" концерті өтті

    Кеше Қостанай облысындағы гастрольдік сапары аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Лисаков қаласындағы мәдениет сарайында өнер көрсетті. Концерт Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ұйымдастырылды. «Халық әуені» концерттік-гастрольдік жобасы аясындағы рухани кеште көрермендер қазақтың дәстүрлі күй өнерінің үздік туындыларын тыңдап, ұлттық музыка мәдениетінің терең мазмұнымен қауышты. Концерт бағдарламасында Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Ықылас Дүкенұлы, Дина Нұрпейісова сынды ұлы күйшілердің жауһар шығармалары, халық әндері, Шәмші Қалдаяқов туындылары және әлемдік классикалық шығармалар орындалды. Оркестрдің кәсіби орындау шеберлігі, сахналық мәдениеті мен ұлттық нақышқа бай репертуары көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Кеш барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Жеңіс Ысқақова арнайы өнер көрсетті. «Халық әуені» жобасы Лисаков қаласының тұрғындарына ұлттық өнердің тағылымы мен рухани құндылықтарын насихаттайтын мазмұнды мәдени кеш сыйлады

    25 мамыр 2026 ж.Тікелей
    в городском Дворце культуры Лисаковска
    ОтырысАяқталды

    «Қызметтік автокөлікті пайдалану тәртібі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейту»

    Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Лисаков қаласының Әдеп жөніндегі уәкілі А.М. Шектыбаев әкімдіктің жауапты қызметкерлерімен, қала кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің басшыларымен аппараттық кеңесте қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау қажеттігін еске салып, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормалары туралы түсінік берді. Бұдан басқа, inDrive сервисінде мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың көлік құралдарын пайдаланудың анықталған фактілеріне қатысты ақпарат жеткізілді. Осыған байланысты, қызметтік автокөлікті пайдалануды бақылауды күшейту тапсырылды.

    26 қаңтар 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қалай тұруға болады?

    Жауап

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін Сіз санаттардың бірін растайтын қажетті құжаттарыңызды қоса отырып «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш беріңіз қажет. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж келесі санттарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; 1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 1-2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, 2) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына; 3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Заңның 69-бабына сәйкес осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, егер: 1) есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса; 2) есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса; 2-1) өздеріне берілген сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайы болмаса; 3) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 270-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 4) өздерінің тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе; 5) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса; 6) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тiзiмi бойынша) ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (КД – отбасының өткен тоқсандағы кірісі мүшесіне 22792 теңге аспайтын). Атаулы әлеуметтік көмекті алу мәселесі бойынша белгіленген үлгідегі өтініші мен сәйкестендіру үшін жеке басын куәлендіретін құжатын алып тұрақты тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына немесе «Электрондық үкімет» E-gov веб-порталы арқылы өтініш беруге болады. Өтініш білдіру кезінде сізге толық кеңес беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) мәселесі қарастырылады.

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай алуға болады?

    Жауап

    "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі-заң) 67-бабының 1-тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы елді мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарының пайдалануына беріледі. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға бірінші кезекте құқығы бар. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қолданыстағы тұрғын үй заңнамасын ескере отырып, сіз тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілесіз. Құқықтық негіздердің болмауына байланысты кезектілік тәртібін бұза отырып тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкін емес. Сонымен қатар, сіз уақытша тұрғын үй беру мәселесін қарау үшін жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқылысыз.

    ·
    Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет

    01.09.2026 жылға арналған (атқару) Лисаков қаласының азаматтық бюджеті

    01.09.2026 жылға арналған (атқару) Лисаков қаласының азаматтық бюджеті

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 05 қаңтардан 31 тамызға дейін азаматтардың өтініштерімен жұмыстың жай-күйі туралы

    2026 жылғы 05 қаңтардан 31 тамызға дейін азаматтардың өтініштерімен жұмыстың жай-күйі туралы

    Жарияланды:
    Бюджет

    01.09.2026 жылға арналған Лисаков қаласының бюджетін атқару туралы есеп

    01.09.2026 жылға арналған Лисаков қаласының бюджетін атқару туралы есеп

    Жарияланды:
    Ақпарат

    04.09.2026 жылғы жағдай бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар туралы мәліметтер

    04.09.2026 жылғы жағдай бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар туралы мәліметтер

    Жарияланды: