Омаров Асхат Талғатұлы

    Қала әкімі аппаратының басшысы

    Омаров Асхат Талғатұлы
    Руководитель аппарата

    Омаров Асхат Талғатұлы

    Қала әкімі аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    Жалпы ақпарат, білімі

    Омаров Асхат Талғатұлы, 1988 жылғы 28 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Мәскеу ауданының Заградовка ауылында дүниеге келді.

    2007 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қостанай экономикалық колледжін аяқтады.

    2011 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін аяқтады.

    2007 жылғы 01 тамыздан 2008 жылғы 30 қарашаға дейін – «ФК Асбест» ЖШС футбол командасының ойыншысы;

    2008 жылғы 10 желтоқсаннан 2009 жылғы 28 қыркүйекке дейін – «Инкар ЛТД» ЖШС заңгері;

    2009 жылғы 13 қазаннан 2011 жылғы 10 тамызға дейін - М.А. Ищанов адвокатының көмекшісі;

    2011 жылғы 01 қыркүйектен 2012 жылғы 21 ақпанға дейін – «Тенгри А» ЖШС қаржы директоры;

    2012 жылғы 28 ақпаннан 2014 жылғы 14 ақпанға дейін – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қостанай облысы бойынша филиалы Жітіқара бөлімінің бастығы;

    2014 жылғы 31 наурыздан 2019 жылғы 19 қыркүйекке дейін – «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бас маманның міндетін атқарушы, бас маманы, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы;

    2019 жылғы 20 қыркүйектен 2021 жылғы 30 маусымға дейін – «Қостанай облысы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметінің) бас маманы, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы;

    2021 жылғы 01 шілдеден 2023 жылғы 03 сәуірге дейін – «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысы;

    2023 жылғы 24 сәуірден 2024 жылғы 20 маусымға дейін – «Лисаков қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы;

    2024 жылғы 21 маусымнан 2025 жылғы 06 қазанға дейін – «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы;

    2025 жылғы 07 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысы.

    Үйленген, үш баласы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері