Казиев Ерлан Алтайұлы

    Лисаков қаласы әкімінің орынбасары

    Казиев Ерлан Алтайұлы
    Заместитель акима

    Казиев Ерлан Алтайұлы

    Лисаков қаласы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Казиев Ерлан Алтайұлы, 1983 жылы 24 қаңтарда Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кентінде дүниеге келді.

    2004 жылы «Құқықтану» мамандығы, «Заңгер» біліктілігі бойынша А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін аяқтады.

    2004 жылғы 14 наурыздан 2005 жылдың 18 қарашасына дейін – «Бахыт Мұнай» ЖШС заң кеңесшісі, Қостанай қ.

    2006 жылғы 5 қаңтардан 2006 жылдың 1 қазанынан дейін - Қостанай облысы соттары әкімшісінің № 1 және № 2 Қостанай қалалық учаскесі сот орындаушысының міндетін атқарушы, сот орындаушысы

    2006 жылғы 2 қазаннан 2009 жылдың 28 қыркүйегіне дейін – «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы

    2009 жылғы 29 қыркүйектен 2011 жылдың 13 қаңтарына дейін – «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» ММ әкімшілік органдар және заңмен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

    2011 жылғы 14 қаңтарынан 2012 жылдың 30 қыркүйегіне дейін – «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеу секторының бас маманы

    2012 жылдың 1 қаңтарынан 2013 жылдың 17 желтоқсанына дейін – «ҚР Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы» ММ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы – мемлекеттік инспекторы, Қостанай қ.

    2013 жылғы 18 желтоқсаннан 2017 жылдың 11 қазанына дейін – «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеу секторы бас маманының міндетін атқарушы, басшысының орынбасары

    2017 жылғы 6 қарашасынан 2018 жылдың 4 шілдесіне дейін – «Лисаков қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ әдіскері, басшысының міндетін атқарушы, басшысы

    2018 жылғы 5 шілдесінен 2019 жылдың 8 мамырына дейін – «Қостанай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы, Қостанай облысы Қостанай ауданы Затобол кенті.

    2019 жылғы 13 мамырдан 2019 жылдың 14 қарашасына дейін – «Trans Service Company AST» ЖШС заңгері

    2019 жылғы 18 қарашасынан 2020 жылдың 30 қаңтарына дейін – «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеу секторының жетекші маманының міндетін атқарушы, басшысының орынбасары

    2020 жылғы 31 қаңтарынан 2020 жылдың 28 қазанына дейін – «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы

    2020 жылғы 12 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Лисаков қаласы әкімінің коммуналдық шаруашылық жөніндегі орынбасары

    Үйленген, бір баласы бар.

    Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, құрылыс, сәулет, жер қатынастары, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының жұмысына, отын-энергетика кешені, тұрғын үй-коммуналдық сала, инженерлік коммуникациялар, коммуналдық салада тарифтік саясатты қалыптастыру, сумен жабдықтау және су шаруашылығы іс-шараларын іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметі мәселелеріне, тұрғын үй және әлеуметтік-өндірістік инфрақұрылым объектілерін жылу беру маусымына, көлік инфрақұрылымына дайындау, жолдарды реконструкциялау және жөндеу мәселелеріне жетекшілік етеді.

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, қалалық инфрақұрылым объектілерін ұстау салалық бағдарламалардың, тіршілікті қамтамасыз ету, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асырылуын қамтамасыз етеді.

    Жетекшілік ететін бағыттар бойынша цифрландыру жөніндегі шараларды іске асыру және тиісті салалардың қызметінде жобалық басқару қағидаттарын енгізуді;

    «4 ҮББ Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын іске асыруды қамтамасыз етеді.

    Аумақтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, терроризмнің алдын алу бойынша жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіреді

    әкімдігінің «Лисаковқалакоммунэнерго» ӨШБ» МКК,

    «Уста плюс» ЖШС,

    төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияға;

    мемлекеттік тұрғын үйді бөлу жөніндегі қалалық комиссияға,

    Лисаков қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға,

    қалалық терроризмге қарсы комиссияға,

    Лисаков қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияға басшылық етеді.

    Лисаков қаласының төтенше жағдайлар бөлімімен,

    № 21 өрт сөндіру бөлімімен,

    аңшылар мен балықшылар қоғамымен,

    гараж кооперативтерімен,

    Жоғары-Тобыл гидроторабының учаскесімен,

    «Тобыл-Торғай экология департаменті» мемлекеттік мекемесімен,

    құрылыс кешені кәсіпорындарымен,

    үй-жайлар иелері кооперативтерімен,

    мүлік иелерінің бірлестіктерімен,

    көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері