Арғынғазина Әсел Аманжолқызы

    Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

    Арғынғазина Әсел Аманжолқызы
    Член комиссии

    Арғынғазина Әсел Аманжолқызы

    Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

    Өмірбаян

    Арғынғазина Әсел Аманжолқызы 1981 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, 2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша және 2022 жылы «Аlikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесін «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2002 жылы «Фармация» ААҚ-нда бухгалтер лауазымында бастады. 2003–2006 жылдары ШҚО фармацевтикалық бақылау басқармасының қаржылық мәселелер жөніндегі бас маманы болып қызмет атқарған. 2006–2007 жылдар аралығында «ШҚО бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-нің №2 бақылау шараларын орындау бөлімінің бас маман - бас бақылаушы-ревизоры лауазымын атқарды. 2007 –2008 жылдары «Альянс-Ломбард» ЖШС филиалында бас бухгалтер, «Арна» ЖШС – бухгалтер лауазымдарында жұмыс істеген. 2008–2011 жылдары «ШҚО бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ, талдау және есептілік бөлімінің бас маман - бас бақылаушы-ревизоры ретінде қызмет атқарған. 2011–2013 жылдары «Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы» ММ ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімінің кадр жөніндегі бас маманы, Талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің бас маман-бас бақылаушы-ревизоры лауазымдарында қызмет еткен. 2013–2019 жылдары «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ, түрлі бөлімдерінде мемлекеттік аудитор болып қызмет атқарған. 2019 – 2022 жылдары «Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты» ММ-нің ішкі аудит қызметінің бас инспектор - мемлекеттік аудиторы болған. 2022 жылдың желтоқсан айынан 2025 жылдың сәуір айына дейін, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Абай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ Сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    Абай облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 сәуірдегі № 25/173-VIІI шешімімен Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

    2016 жылы Мемлекеттік аудитор біліктілігін алуға үміткерлерді сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссияның шешімімен «мемлекеттік аудитор» біліктілігіне ие болды.

    2021 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері