
Саденова Гүлжан Сапарбекқызы
Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
1981 жылы Шығыс Қазақстан облысы дүниеге келген, ұлты – қазақ, жоғары білімі бар.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетің «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетің бітірген, бизнес және басқару магистрі.
Еңбек жолын 2003 жылы Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау департаменті ММ жоспарлау-қаржы бөлімінің жетекші маманы лауазымында бастады.
2005 жылы Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы ММ медициналық қызметтерді жоспарлау және төлеу бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
2008–2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы ММ жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы болды.
2011 жылғы қазаннан 2022 жылғы қазанға дейін «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ талдау, жоспарлау және есептілік бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2022 жылғы 19 қазандағы № 9/47-VII Абай облысының мәслихаты шешімімен Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.
Еңбек қызметі барысында Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, Денсаулық сақтау департаменті директорының Құрмет грамоталарымен, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің, Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының Алғыс хаттарымен, сондай-ақ Абай облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.
Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі» төсбелгісімен наградталған.
Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы) «Экономиканың инновациялық даму жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің практикалық аспектілері» бағдарламасы бойынша халықаралық тағылымдамадан өтті.
Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер тұлғаларды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның шешімімен мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді.
Бухгалтерлік есеп пен аудит стандарттары саласында халықаралық біліктілік сертификаттарына ие (ACCA International Auditing, ACCA International Public Sector Accounting, Ұлыбритания).




