Битөлеуов Еркебұлан Дәулетжанұлы

    Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

    Битөлеуов Еркебұлан Дәулетжанұлы
    Член комиссии

    Битөлеуов Еркебұлан Дәулетжанұлы

    Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

    Өмірбаян

    Еркебұлан Дәулетжанұлы Битөлеуов 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ. Екі жоғары білімі бар, 2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Қаржы саласындағы еңбек жолын 2003 жылы Ұлан ауданының қаржы бөлімі бюджеттік бөлімінің жектеші маман-бақылаушы-тексерушісі лауазымында бастады. 2005-2006 жылдар аралығында Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару бөлімінің жетекші маманы лауазымын атқарды. 2006 жылы Ұлан ауданының кәсіпкерлік бөлімінде бірнеше ай бас маманы болып жұмыс істеген. 2006 жылдың сәуір айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы бақылау іс-шараларын атқару бөлімінің бас маман-бақылаушы-тексерушісі лауазымында қызмет етті. 2008-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы, бақылау бөлімінің бас маман-бас бақылаушы-тексерушісі. 2010 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында инвестициялық саясат бөлімінің бастығы лауазымында жұмысын жаслғастырды. 2011-2018 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясында бас маман - мемлекеттік аудитор, тексеру комиссиясының аппарат басшысы лауазымдарында қызмет еткен. 2018 жылғы қараша айында Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының бас бақылаушысы-мемлекеттік аудитор болып тағайындалды. 2019-2022 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде бас маман - мемлекеттік аудитор және бөлім басшысы лауазымдарында қызмет атқарды. 2022 жылғы ақпан-шілде айларында "Атамекен аудит" ЖШС-нде аудитор лауазымында жұмыс атқарды.

    Абай облыстық мәслихатының 2022 жылғы 19 қазандағы № 9/47-VII шешімімен Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

    2016 жылы мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның шешімімен «мемлекеттік аудитор» біліктілігі берілді.

    2013 жылы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ІІІ дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері