
Өміртаев Асыл Аманғалиұлы
Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
Өміртаев Асыл Аманғалиұлы 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген, ұлты қазақ. Білімі жоғары, 1989 жылы Семей қаржы-экономикалық техникумында «Мемлекеттік бюджет» мамандығы, 2005 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Қаржы және несие» мамандығы бойынша оқып бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Мемсақтандыру Абай аудандық инспекциясында инспектор лауазымынан бастады. 1995 жылдан 1996 жылға дейінгі аралықта Абай ауданы салық инспекциясының инспекторы болып қызмет етті. 1996 – 1998 жылдар аралығында Халық банктің Абай аудандық филиалының басқарушысы болып жұмыс атқарған. 1998 жылдың ақпанынан бастап Абай ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген. Сол жылдың мамыр айында Абай ауданы бойынша Қаржылық бақылау бөлімінің бас бақылаушысы – ревизор лауазымына тағайындалды. 1998 жылғы қазан айынан бстап Абай аудандық қазынашылық бөлімінің бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау жөніндегі бас қазынашысы лауазымын атқарды. 2000 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының бас бақылаушысы - ревизор етіп тағайындалды. Қаржы саласындағы еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясында шығындарды бақылау бөлімінің бас маманы-бақылаушысы, одан әрі мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы лауазымдарында жалғастырды (2011-2022 ж.ж.). 2022 жылғы қыркүйек айынан бастап Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік органының құрылу мерзіміне тексеру комиссиясының мүшесі лауазымын атқарды.
Абай облыстық мәслихатының 2022 жылғы 19 қазандағы № 9/47-VII шешімімен Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.
2011 жылы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
2016 жылы мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның шешімімен «мемлекеттік аудитор» біліктілігі берілді.



